Биыл жартыжылдықтың қорытындысымен өңірге тартылған инвестициялар көлемі 420,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,8%-ға өсті. Ал, жалпы 2024 жылы құны 151,9 млрд. теңгені құрайтын 2 406 жаңа жұмыс орнымен 62 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жайында бүгін Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов мәлімдеді. «Өңірге инвестиция тарту жұмыстарын […]