Мемлекет басшысының тапсырмасымен елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сапасын көтеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы ретте Түркістан облысында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты. Түркістан облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Нысан «Turan» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жергілікті бюджет есебінен салынған бекет төрт өрт […]