Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы ауыл балалары әлі күнге ыңғайластырылған ескі ғимараттарда білім алып жатыр. Ал аудан орталығында оқушылар саны күннен-күнге артып келеді. Сарыағаш қаласындағы 1200 балаға арналған орта мектеп апатты деп танылып, сүрілген. Қазір ондағы оқушылар басқа мектепке қатынап оқып жүр. Сарыағаш қаласындағы №2 мектептің оқушылары өткен оқу жылынан бері Толыбай батыр атындағы білім ұясында […]