Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті, деп хабарлайды Рolisia.kz. Оқиға орнына жетісайлық полицейлер жедел жетті. Анықталғандай, бiр бағытта келе жатқан «BMW-525» маркалы автокөлігі мен «LADA GRANTA» соқтығысқан. Салдарынан «BMW-525» көлiгiнiң жүргiзушiсi рульді игере алмай, жолдың оң жақ бетінде орналасқан аялдаманы соққан. Ал аялдамада орналасқан тамақтану орнында 2 даяшы жұмыс істеп жатқан. Жол апаты салдарынан 2 даяшы мен автокөлік жүргізушілері Жетісай аудандық ауруханасына көрiнген. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстарын жүргiзуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Жол апатына қатысушы жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабымен хаттама толтырылды. Алдағы уақытта сараптама қорытындысымен кінәлі жүргізуші жауапқа тартылатын болады.