Түркістан облысында құрылысы ұзаққа созылған мектептерге жауапты мердігерлермен келісімшарт бұзылды. Олар Жетісай, Отырар және Қазығұрт аудандарында орналасқан білім ошақтары. Енді жобалық-сметалық құжат түзетіліп, сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, жаңа мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмысы жалғасады. Облыс әкімі жауаптыларға өңірдегі мектептердің құрылысы мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етіп, жұмыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, құрылыстың оқу процесіне […]