Өзге өңірлерде қар жауып, бұрқасын болып жатқанда, Отырар ауданында қияр мен қызанақ пісіп жатыр. Қазір өңірде 6 гектарға жуық жылыжай бар. Олардың басым бөлігі үй іргелік нысандар. Жылыжайлардың барлығы дерлік термальды су жүйесімен қамтылған. Яғни жер асты ыстық суымен суару жүргізіледі Биылғы жылы аудан аумағындағы жылыжай көлемін арттыру жоспарлануда екен. Бұл қожалықтың салынғанына бүгінде 10 жылға жуықтаған. Содан бері өнімдері ішкі нарықты қамтамасыз етіп отыр. Мұндағы жылыжайлардың басым бөлігі жер асты ыстық сумен қамтылған. Сондықтан шаруалар алдағы уақытта жылыжай көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. БАТЫРБЕК СЫЗДЫҚОВ – ОТЫРАР АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ - Біз қазір облыстық ауыл шаруашылық басқармасы арқылы 3 жақты келісімге тұрамыз. Жоспар қоямыз алдағы жылдарға. Биылғы жылы жоспарымызды толық орындап шықтық. 2 гектар жерге қарақоңырау округінен биылғы жылы 1 гектар жерден жылыжай құрылыс салса, Құдай қаласа келесі жылға көлемін 3 гектарға жеткіземін деп отыр. Аталған шаруа қожалық аудандағы 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Солардың бірі Ботакөз Сыздықова. Бүгінде мұнда жолдасы екеуі жұмыс істейді. Нақты қызметтері қызанақты теру, сорттау, дайын өнімдерді арнайы қораптарға салу. Көпбалалы ана ауылда да тіршілік бар. Бастысы еңбек пен ниетіңіз болса болғаны дейді. БОТАКӨЗ СЫЗДЫҚОВА – ЖҰМЫСШЫ - Еңбектенген адамға ешқандай жұмыстың ауырлығы жоқ. Бала шаға асырау үшін барлық істі істей беруге болады. Үйдің жанынан жұмысымызды істейміз. Айлығымызды аламыз. Бала шағаны бағамыз. 2012 жылы іске қосылған жылыжай халықты көкөніспен қамтамасыз етіп отыр. Өнімдер Шымкент, Алматы қалалары мен Түркістан облысының барлық аудан қалаларына экспортталуда. Биыл жылыжайдан 5 тоннаға жуық өнім алынған екен. Алдағы уақытта оның көлемін ұлғайту жоспарда бар. Бүгінде Отырар ауданында 9782 жайылымдық жер бар. Олардың 4700-ге жуығы суармалы алқаптың еншісінде. Десе де игерілмей қалған жерлер де бар. АҒАБЕК РАМАНҚҰЛОВ – ОТЫРАР АУДАНЫ ТАЛАПТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖЕР ИНСПЕКТОРЫ - Судың тапшылығына байланысты мың гектардай жеріміз игерілмей қалды. Алдағы уақытта Ақынжақып деген каналды іске қосатын болсақ ол гектар жерлерді де иегеретін боламыз. Осы біз айтып жатқан жүгері, жоңышқа және бақша өнімдері бар одан да басқа көкөністер егу алдағы уақытта сондай жоспарымыз бар. Аудан шаруаларының басым бөлігі жүгері, жоңышқа егеді. Сондай ақ, бақша өнімдеріне де сұраныс бар. Қазіргі таңда 671 гектарға жоңышқа, 450 гектар аумаққа жүгері дәні себілген.