Түркістан облысында жылыжай көлемі артып келеді

Өзге өңірлерде қар жауып, бұрқасын болып жатқанда, Отырар ауданында қияр мен қызанақ пісіп жатыр. Қазір өңірде 6 гектарға жуық жылыжай бар. Олардың басым бөлігі үй іргелік нысандар. Жылыжайлардың барлығы дерлік термальды су жүйесімен қамтылған. Яғни жер асты ыстық суымен суару жүргізіледі  Биылғы жылы аудан аумағындағы жылыжай көлемін арттыру жоспарлануда екен.  Бұл қожалықтың салынғанына бүгінде 10 жылға жуықтаған. Содан бері өнімдері ішкі нарықты қамтамасыз етіп отыр. Мұндағы жылыжайлардың басым бөлігі жер асты ыстық сумен қамтылған. Сондықтан шаруалар алдағы уақытта жылыжай көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. БАТЫРБЕК СЫЗДЫҚОВ – ОТЫРАР АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ - Біз қазір облыстық ауыл шаруашылық басқармасы арқылы 3 жақты келісімге тұрамыз. Жоспар қоямыз алдағы жылдарға. Биылғы жылы жоспарымызды толық орындап шықтық. 2 гектар жерге қарақоңырау округінен биылғы жылы 1 гектар жерден жылыжай құрылыс салса, Құдай қаласа келесі жылға көлемін 3 гектарға жеткіземін деп отыр.  Аталған шаруа қожалық аудандағы 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Солардың бірі Ботакөз Сыздықова. Бүгінде мұнда жолдасы екеуі жұмыс істейді. Нақты қызметтері қызанақты теру, сорттау, дайын өнімдерді арнайы қораптарға салу. Көпбалалы ана ауылда да тіршілік бар. Бастысы еңбек пен ниетіңіз болса болғаны дейді.  БОТАКӨЗ СЫЗДЫҚОВА – ЖҰМЫСШЫ - Еңбектенген адамға ешқандай жұмыстың ауырлығы жоқ. Бала шаға асырау үшін барлық істі істей беруге болады. Үйдің жанынан жұмысымызды істейміз. Айлығымызды аламыз. Бала шағаны бағамыз.  2012 жылы іске қосылған жылыжай халықты көкөніспен қамтамасыз етіп отыр. Өнімдер Шымкент, Алматы қалалары мен Түркістан облысының барлық аудан қалаларына экспортталуда.  Биыл жылыжайдан 5 тоннаға жуық өнім алынған екен. Алдағы уақытта оның көлемін ұлғайту жоспарда бар. Бүгінде Отырар ауданында 9782 жайылымдық жер бар. Олардың 4700-ге жуығы суармалы алқаптың еншісінде.  Десе де игерілмей қалған жерлер де бар. АҒАБЕК РАМАНҚҰЛОВ – ОТЫРАР АУДАНЫ ТАЛАПТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖЕР ИНСПЕКТОРЫ - Судың тапшылығына байланысты мың гектардай жеріміз игерілмей қалды. Алдағы уақытта Ақынжақып деген каналды іске қосатын болсақ ол гектар жерлерді де иегеретін боламыз. Осы біз айтып жатқан жүгері, жоңышқа және бақша өнімдері бар одан да басқа көкөністер егу алдағы уақытта сондай жоспарымыз бар.  Аудан шаруаларының басым бөлігі жүгері, жоңышқа егеді. Сондай ақ, бақша өнімдеріне де сұраныс бар. Қазіргі таңда 671 гектарға жоңышқа, 450 гектар аумаққа жүгері дәні себілген.  

Читать источник turkistan.tv
Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапында қатарынан үш гол соқты
Абат Айымбетов Түркияда қатарынан үшінші матчта гол соқты
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды