Көмірмен қамту жұмыстары Түркістан облысында жаз кезінен бастап қолға алынды. Жауаптылар айтуынша, халық ерте қамдануы үшін қажетті қатты отын қоры жинақталған. Алдағы жылыту маусымына дайындық облыс әкімінің қадағалауында. Облыстың 2024-2025 жылдарға жылу маусымына дайындық және көмірмен қамту барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Жауаптылар сөзінше, әлеуметтік нысандардың қысқы қор жинау жұмысы […]