Түркістан облысында жол апатына ұшыраған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат. Шымкент - Самара тас жолында жол апаты болды. «Анықталғандай, Nissan Elgrand автокөлігінің жүргізушісі Түркістан қаласына қарай келе жатып, өзімен бір бағытта қозғалып бара жатқан Merсedes Benz жүк көлігіне, одан соң жол ортасындағы қоршауға соқтығысқан. Көлік сол жерде өртенген. Салдарынан Nissan Elgrand көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Екі автокөлік те айыптұраққа қойылды», - деді Түркістан облысы ПД Ордабасы АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы Абзал Момбаев.