Түркістан облысында құны 10 млн. АҚШ долларын құрайтын кәсіпорын салынбақ. Осыған байланысты облыс әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық компания басшыларымен кездесті. Өңірде бой көтеретін өндіріс нысанында қандай заттар шығарылады? Түркістан облысында жылу жүйесіне арналған жабдықтарды, алюминий радиаторлары мен газ қазандықтарын шығаратын зауыт іске қосылмақ. Аталған жоба қытайлық компаниямен бірлесе жүзеге асатын болады. Дархан Сатыбалды, Түркістан облысы […]