Түркістан облысының аумағында жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларының нәтижесінде 2024 жылы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 16,8%-ға төмендеді. Аталған кезеңде криминалдық полиция сегіз қылмыстық топтың әрекетін тоқтатып, 16 пәтер ұрлығына қатысы бар 40 адамды ұстады. Мал ұрлаумен айналысқан 16 топ жойылып, 40 күдікті құрықталды. 791 бас ұрланған мал иелеріне қайтарылды. Мәселен, Келес ауданында жедел уәкілдер жалпы […]