Естуші мемлекет аясында ашықтықты қамтамасыз ету үшін Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдауды дәстүрге айналдырған. Осындай кезекті облыс әкімінің азаматтарды қабылдауы Келес ауданында ұйымдастырылды. Келестік тұрғындар облыс әкіміне көкейдегі мәселелерін жеткізіп, жауаптарын алды. Оның ішінде тұрғындардың бірқатары, ауылдастарының бірі үйінде құрамында есірткісі бар, сатуға тыйым салынған дәрі-дәрмектерді сатуы мүмкін деген […]