Жетісайлық тұрғынның үйінен суық қару табылды. Жедел-профилактикалық іс-шара аясында тәртіп сақшылары 4,5 мм калибрлі “Тирекс” пневматикалық тапаншасын тәркіледі. Сондай-ақ ер адамның телефонынан дәл осы қаруды қолданудың жолын көрсетіп тұрған бейнежазба анықталды. Аталған жайтты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша тіркеді. Айғақты зат ретінде алынған қару баллистикалық сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта қаруды сақтау дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.