Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Шорнақ ауылдық округінде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін кәсіпорын салу жоспарлануда. Аталған жоба облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жүзеге асырылмақ. Бұл жоба үшін арнайы 3 га жер бөлінді. Болашақта өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы полиэтилен құбырын шығаруды көздеп отыр. Ал жауаптылар осы жобаның қуаттылығын жылына 500 тоннаға жеткізуді көздеуде. […]