Түркістан облысында заңсыз айналымнан 7 тоннаға жуық жанармай өнімдері тәркіленді

Түркістан облысында заңсыз айналымнан 7 тоннаға жуық жанармай өнімдері тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Түркістан облысы полиция департаменті мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері кенттердің бірінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатумен айналысқан жергілікті тұрғынды анықтады. Полицейлер күдікті әйелдің дүкен қоймасынан түрлі контейнерлерге құйылған шамамен 500 литр бензин мен резеңке шлангты айғақты зат ретінде тәркіледі. Сондай-ақ жедел уәкілдер Сарыағаш ауданында орналасқан қараусыз қалған жанар-жағармай бекетінде мұнай өнімдерін тиісті құжаттарсыз заңсыз сақтау және сату дерегін тіркеді. Жергілікті тұрғыннан тәртіп сақшылары 5 тонна дизель отыны бар цистерна тәркіледі. Жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатудың деректері Созақ, Түлкібас және Келес аудандарында да тіркелді. «Отын-Энергетика» жедел-профилактикалық шарасы аясында ҚР ҚК-нің 197-бабы 1-бөлігі «Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, өткізу, сақтау, сондай-ақ олардың шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнайды қайта өңдеу» бойынша 6 жайтты тіркеді. Заңсыз айналымнан 7 тоннаға жуық жанар-жағармай, оның ішінде дизель мен бензин алды. Қазіргі таңда барлық анықталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.  

Читать источник turkistan.tv
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Алдағы күндері -35 градусқа дейін аяз болады
Асхат Аймағамбетов мұғалімді шырша безендіруге жібергендерді жазалауды талап етті
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды