Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүруде. Кезекті экоакция «Арыс-Шымкент» тас жолы бойынан бастау алды. Сенбілікке мемлекеттік қызметшілер, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, ардагерлер, спортшылар мен өнер азаматтары, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты. Тазалық шарасына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қатысып, акцияны барынша қолдап, әсем қаланы одан әрі гүлдендіру жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. […]