Түркістан облысы, Төле би ауданында мемлекет қаржысына салынған спорт алаңдары бір жыл өтпей жарамсыз күйге түскен. Көксәйек ауылында 13 млн теңгеге салынған футбол алаңына мердігер мекеме жасыл газонның орнына, қиыршық тас төсеп кеткен. Ал, Леңгір қаласына салынған үш алаңша да қирап, жауаптылар мердігерді сотқа берді. Кәксәйек ауылда спорт алаңшасы салына бастағанда жұрт ерекше қуаныпты. Тіпті, балалар ойнайтын орын тезірек бітсін деген ниетпен алаңшаның орнын тегістеп, жүк көлігімен топырақ та төккізген. Алайда бұл қуаныш көпке созылмады. Футбол ойнайтын жерді салған мердігер жұмысын сапасыз атқарып, алаңша артынша түкке жарамсыз болып қалған. Әр тепкен добына бір сетка ұшып жатыр. Түбінің бәрі сапасыз. Қадасының бәрі әшейін халтура. Мына стадионға төсегені - щебенка, щебенканың үстіне балалар ойнай ма?! Тастың үстінде ешкі ойнайды тек қана, адам ойнамайды. Майда тастың үстіне әкелді де жұқа миллиметрлік газон деді, алашаны төседі де кетті. Ол ойыннан күніне 4-5 бала қолы, тізесін жаралап қайтады. Құлайды. Ол газон жыртылып кетті. Бір айдың көлемінде газон шетке жиналып қалды өзі. Кейін жаралы боп қайтқаннан кейін ата-аналар балаларын жібермейтін болды бұл жерге. Дәл осы жерге қазір ешкім кірмейді. Содан бері екі жыл өтсе де, еш өзгеріс жоқ. Мемлекет бөлген 13 млн теңге желге ұшып, алаңшаға ауыл балалары жолмай қойған. Ал, аудан, ауыл әкімдері келіп көргеннен басқа ештеңе істей алмай отыр дейді жұрт. Қазір енді балалар үйде бәрі, телефонда жатыр. Бір-бір телефон. Спорт, жаттығатын жер жоқ ойнайтын. Аудан әкіміне де шықтық, ауыл әкіміне де. Жауабы белгісіз бізге. Осындай ойын алаңшалары Леңгір қаласында да қирап жатыр. Үш алаңшаны салу үшін 27 млн теңге алған мердігер жұмысын жүрдім бардым атқарған. Салынғанына жылға да жетпеген алаңшалардың қоршаулары сынып, қақпалары қирап қалған. Қала әкімдігінің ескертуіне құлақ аспаған мердігер компанияның мәселесі сотта қаралып, қайта жөндеуге міндеттелген. Ал, Көйсәйектегі алаңшаны салғандар табылмай жатыр екен. Сот орындаушылары Шымкентте деді адресі. Шымкенттегілер адресіне үш-төрт рет хат жібердік, ол жақтан шықпай жатыр деді. Енді Алматыда дейді қазіргі адресі. Сот орындаушы қазір енді соны анықтап жатыр. Енді сот орындаушы мердігердің тұрғылықты жерін таппаса, сот шешімі орындалмай қалатын түрі бар. Ал келер жылы жазда жұмыстың кепілдік мерзімі аяқталады. Ауыл тұрғындары сол мерзімі өтіп кетсе, балаларымыз алаңшасыз қала ма деп алаңдап отыр.