Түркістан облысындағы үлгілі аула

 Арнамыздағы "Үлгілі аула" байқауы әлі де жалғасуда. Бірінен-бірі асып түсетін жасыл желегі жайқалған мұнтаздай таза аулалардың бәсекесі қыза түспек. Осы жолы түсірілім тобымыз арнайы Сайрам ауданына аттанды. Ондағы қатысушылардың ерекшелігі не де екен? Ақсукент ауылдық аймағындағы бұл көпқабатты тұрғын үй Асылбеков көшесінің бойында орналасқан. Әсіресе 8-інші және 10-ыншы үйдің тазалығы бізді тәнті етті. Мұнда тұрғындар ауланы күнделікті жинауды әдетке айналдырған. Олар жасыл желекті - таза ауаның кепілі санайды. Сондықтан алыстан көз тартатын қызыл-жасыл гүлдерін баптауға ерекше ұйымшылдықпен келген. Қала берді, есіктің алдын үнемі жып-жинақы ұстау үшін олар әр апта кезекшілік тағайындайды. Ал қоқыс жәшігін күнделікті тазалап отырамыз -дейді. ШАХИДА САЙИБНАЗАРОВА  ТҰРҒЫН  Иә, көпқабатты тұрғын үй атаулыға нағыз үлгі боларлық аула осындай болса керек. Аталған баспана іргесінде жеміс ағашының 10 түрі бар. Жайқалып өскені соншалық, тіпті оның үшеуінің өзі күннен көлегейлейтін кішігірім бақшаға айналған. Алқапқа тұрғындар жабылып қызанақ пен қияр еккен. Арасында бос қалған жерлеріне хош иісті гүлдің 20 түрін отырғызыпты. Тату көршілер ауланы кеше-бүгін емес, 12 жылдан бері дәл осылай баптап келе жатса керек. Ғимарат қолданысқа берілгелі бері осында тұратын Махбуба Миркамилова бұл жайлы былай дейді: МАХБУБА  МИРКАМИЛОВА  ТҰРҒЫН Айта кетейік, "Үлгілі аула" байқауына Түркістан облысының кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін тек көшесі мен ауласын мұнтаздай таза ұстап, айналасын абаттандыруы шарт. Сондай-ақ, үйінің сыртқы келбеті де көз тартарлықтай болуы тиіс. Байқау жеңімпаздарына демеушіміз Сарыағаштағы «Кәусар-Бұлақ» санаторийіне 5 күнге 2 кісілік жолдама ұсынып отыр. Егер сіздің де дәл осы байқауға қатысып, жеңімпаз атанғыңыз келсе, төменде көрсетілген 87075250073 нөміріне хабарласыңыз! Облыс бойынша ең үлгілі ауланы бірге анықтайық!

Читать источник turkistan.tv
Ақтаудағы ұшақ апаты: Көлік министрлігі мәлімдеме жасады
Ұшақ ішіндегілердің аты-жөні жарияланды: апаттың толық видеосы шықты (ВИДЕО)
Мәслихат депутаттары Алматының жаңа Қала құрылысы регламентін бекітті
Жедел жәрдем қызметкерлеріне бейнежетондар берілуі мүмкін
Шымкентте жаңа заманауи әуежай алғашқы жолаушыларын қабылдады 
Қариялар енді далада емес, панада шахмат ойнайды 
Ұшақ апаты: Ақтауда ел азаматтары қан тапсыру орталығына жиналды
Паркинсонға шалдыққан адамдар майонез және зәйтүн майын көбірек тұтынады – зерттеу
Қайнарбұлақта тұрғындар газға қосылу үшін не істеу керек? 
Түркістандағы Президент шыршасына 200 бала қатысып, сый-құрметке бөленді 
Шымкенттік жастар ұшақ апатынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті
Шымкентке 387 мыңнан астам турист келген
Шымкентте 3 жайлы мектептің құрылысы аяқталды
2025 жылы АЕК өсіп, айыппұлдар көлемі артады
Ғалымдар тоқ ішектің қатерлі ісігін емдейтін дәрі ойлап тапқанын ресми түрде мәлімдеді
Баспана алуға арналған алғашқы жарна азайды
Спортты дамыту дирекциясының басшысына қатысты тергеу аяқталды
Ресейліктер тамақтан гөрі бақсы-балгерге көбірек қаржы жұмсайды – зерттеу
Ұшақ апаты: Маңғыстауда науқастың біреуіне ота жасалды
Ақтаудағы ұшақ апаты: Қырғызстан азаматтары тірі екені айтылды
Бала асырап алу оңай ма – 11 баланы асырап алған ана өз тәжірибесін айтты
Әрдайым жаңбыр жауып тұрады: Оңтүстік Коеяда ерекше дәмхана ашылды
Қостанайда өрт қауіпсіздігіне арналған көрме өтіп жатыр
Алматыда белгілі спортшы қаза тапты