Түркістан облысының әкімі «шардара армспорт» спорт клубына автокөлік сыйлады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Шардара армспорт» спорт клубына барды. Бүгінде армрестлинг спортынан Шардарадан 102 әлем чемпионы шығып отыр. Шағалалы Шардара ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы даңқы асқақтап тұрған спорт клубының сайыпқырандарымен жүздесті. Пікір алмасып, жетістіктерін жоғары бағалады.  Жалпы «Шардара армспорт» клубында қол күресі спорты бойынша 500-ге жуық спортшы бар. Мұнда спортшылар 32 жаттықтырушының қол астында жаттығуда.  – Бүгін Шардараға жұмыс сапарымда сіздермен арнайы жолығуды жөн көрдім. Себебі Шардара спортшылары Қазақстанды ғана емес, әлемді мойындатып жүр. Бұл ретте бапкерлердің еңбегін айта кеткен жөн. Шардаралық жастардың спортқа қызығушылығы қуантады. Қазақстанның ешбір ауданында мұндай жетістік жоқ деуге болады. Қазіргі таңда қол күресінен Шардарадан 102 әлем чемпионы бар. Спорт саласындағы жетістіктеріңіз бен табыстарыңыз арта берсін. Өңірімізде спорт нысандары көбейіп жатыр. Біз спортшыларды қолдауға әрқашан дайынбыз! – деген Дархан Сатыбалды «Шардара армспорт» спорт клубына демеушілер әзірлеген автокөлікті тарту етті.  Жуырда өткен әлем чемпионатына команданы бастап барған команда капитаны Мағжан Шамиев сыйлықты қабылдап, өңір спортшылары әрдайым ел намысын қорғауға дайын екенін жеткізді.  Түркістан облысында гір спорты және армрестлинг федерациясын алғашқы болып құрған федерация президенті Арман Қарсыбаевтың шәкірттері бұл күндері әлемді мойындатып жүр. Спорт федерациясы 2001 жылы құрылған. Яғни, 21 жылдың ішінде 278 спортшы Азия чемпионы, 391 спортшы ҚР-ның чемпионы, 85 спортшы халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған.   

Читать источник turkistan.tv
Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапында қатарынан үш гол соқты
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Күн күрт суытады
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды