Қараша айының 22 күні Түркістан облысы Полиция департаментіне ерекше хат келді. Хаттың иесі 12 жастағы Азамат Мүтәлі. Ол хатты полиция генерал-майоры Мұрат Талапұлы Қабденовке арнап жазған. Онда ерекше балақай өзінің үй жағдайында білім алып жүргенін және өскенде полицей болуды, сонымен қатар электросамокатпен қыдыруды армандайтынын жеткізген. Азаматтың жазған хатын алып келген ұстазы Әсел Бимырзаева генералмен кездесті. […]