Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл. Осыған орай арнамызда 17 аудан мен қаланың 5 жыл ішінде жеткен жетістіктері мен толайым табыстарына арналған фильм жарыққа шықты. Онда әр аудан мен қаланың тыныс-тіршілгі, шаруашылығы мен тұрғындарының жай-күйіне тоқталып өтеді. Фильмнің алғашқы саны тарихы мен мәдениеті, өркениеті мен дамуы қатар ұштасқан Шардара ауданына арналды. Өйткені өңірде соңғы 5 жылда ілкімді тірліктер атқарылған. Мәселен 2018 жылы халықтың 16 пайызы ғана табиғи газбен қамтылған болса, бүгінгі таңда көгілдір отынға 66 мыңға жуық халықтың қолы жетіп отыр. МАҚСҰТ МЕЙІРБЕКОВ АУДАНДЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ 2018 жылға дейін Шардара ауданы 16 пайыз газбен қамтылса, бүгінгі таңда 78 пайызға жетіп отыр. Газ мәселесі бойынша бірқатар жобалар жүзеге асуда. Қыркүйек айында аяқтап, Шардара қаласын 100 пайызға, Шардара ауданын 95 пайызға газбен қамту көзделіп отыр. Ағымдағы жылы осылардың бәрін іске асырамыз. Сонымен қатар жол мәселесі соңғы 5 жылда ауданда 109 көше орта жөндеуден тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Олар 69 шақырымды құрайды. Ауыл ел бесігі жобасы аясында да 24 көше жүргізілді. Сондай-ақ, 60 жылдық тарихы бар ауданда тұрғындарды тіршілік нәрімен қамту жұмыстары да қарқын алған. Бүгінде өңірде индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында өнеркәсіп саласында 22 кәсіпорын жұмыс істейді. Шардара ауданы өнеркәсіп көлемінің өсімі бойынша облыста 5-ші орында. Соңғы 5 жылда Шардара ауданында балық шаруашылығы, мал, қарқынды бау, соңғы 5 жылда 7,8 млрд инвестиция тартылды. Мақта өңдеу бойынша 5,4 млрд теңгеге АЙСИСИ зауыты құрылды. Жылдық қуаттылығы 50 мың тоннаны құрайды. СПК Хамит базасында тоғанда балық өсіру ісі қолға алынды. Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Бірінші кезеңінде 500 млн теңге тартылып, жұмыстары жолға қойылды. Соңғы жылдары күрішке сұраныс жоғары. Сая фермерлік қожалығы базасында 500 млн теңгеге күрішті ақтайтын заманауи қондырғы қойылды. Ол жерде сағатына 1,5 тонна күріш ақталады. Сөткісіне 30- 35 тонна күріш дайындайды. Бүгінде ауданның күріші шет елдерге экспортталуда. Өзбекстан, Қырғызстан, осыдан 3-4 жыл бұрын Араб әмірлігіне де экспортталды. Бақша өнімдері де қолға алынған. Жыл көлемінде 10-11 мың гектар жерге бақша өнімдері егіледі. Жалпы аудан бойынша 57800 гектар суармалы жер бар. Республикаға алтын құмы және балығымен танымал өлке жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ. Шардара су қоймасы жағалауынан туризм саласын дамыту мақсатында 255 гектар жер телімі бөлініп, мұнда 60 туристік нысанды салу жоспарланған. Нәтижесінде 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 45 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Фильмнің толық нұсқасын turkistan.tv ютуб арнамыздан көре аласыздар.