Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл фильмі

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл. Осыған орай арнамызда 17 аудан мен қаланың 5 жыл ішінде жеткен жетістіктері мен толайым табыстарына арналған фильм жарыққа шықты. Онда әр аудан мен қаланың тыныс-тіршілгі, шаруашылығы мен тұрғындарының жай-күйіне тоқталып өтеді. Фильмнің алғашқы саны тарихы мен мәдениеті, өркениеті мен дамуы қатар ұштасқан Шардара ауданына арналды. Өйткені өңірде соңғы 5 жылда ілкімді тірліктер атқарылған. Мәселен 2018 жылы халықтың 16 пайызы ғана табиғи газбен қамтылған болса, бүгінгі таңда көгілдір отынға 66 мыңға жуық халықтың қолы жетіп отыр. МАҚСҰТ МЕЙІРБЕКОВ АУДАНДЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ  2018 жылға дейін Шардара ауданы 16 пайыз газбен қамтылса, бүгінгі таңда 78 пайызға жетіп отыр. Газ мәселесі бойынша бірқатар жобалар жүзеге асуда. Қыркүйек айында аяқтап, Шардара қаласын 100 пайызға, Шардара ауданын 95 пайызға газбен қамту көзделіп отыр. Ағымдағы жылы осылардың бәрін іске асырамыз. Сонымен қатар жол мәселесі соңғы 5 жылда ауданда 109 көше орта жөндеуден тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Олар 69 шақырымды құрайды. Ауыл ел бесігі жобасы аясында да 24 көше жүргізілді. Сондай-ақ, 60 жылдық тарихы бар ауданда тұрғындарды тіршілік нәрімен қамту жұмыстары да қарқын алған. Бүгінде өңірде индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында  өнеркәсіп саласында 22 кәсіпорын жұмыс істейді. Шардара ауданы өнеркәсіп көлемінің өсімі бойынша облыста 5-ші орында. Соңғы 5 жылда Шардара ауданында балық шаруашылығы, мал, қарқынды бау, соңғы 5 жылда 7,8 млрд инвестиция тартылды. Мақта өңдеу бойынша 5,4 млрд теңгеге АЙСИСИ зауыты құрылды. Жылдық қуаттылығы 50 мың тоннаны құрайды. СПК Хамит базасында тоғанда балық өсіру ісі қолға алынды. Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Бірінші кезеңінде 500 млн теңге тартылып, жұмыстары жолға қойылды. Соңғы жылдары күрішке сұраныс жоғары. Сая фермерлік қожалығы базасында 500 млн теңгеге күрішті ақтайтын заманауи қондырғы қойылды. Ол жерде сағатына 1,5 тонна күріш ақталады. Сөткісіне 30- 35 тонна күріш дайындайды. Бүгінде ауданның күріші шет елдерге экспортталуда. Өзбекстан, Қырғызстан, осыдан 3-4 жыл бұрын Араб әмірлігіне де экспортталды. Бақша өнімдері де қолға алынған. Жыл көлемінде 10-11 мың гектар жерге бақша өнімдері егіледі. Жалпы аудан бойынша 57800 гектар суармалы жер бар. Республикаға алтын құмы және балығымен танымал өлке жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ. Шардара су қоймасы жағалауынан туризм саласын дамыту мақсатында 255 гектар жер телімі бөлініп, мұнда 60 туристік нысанды салу жоспарланған. Нәтижесінде 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 45 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Фильмнің толық нұсқасын turkistan.tv ютуб арнамыздан көре аласыздар.

Читать источник turkistan.tv
«Мұз» акциясы: бір адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Астанада көлікті тепкілеп, әйнегін сындырған ер адам видеоға түсіп қалды
Енді баспанасы жоқ кез келген адам үй кезегіне тұра алады
Жылыту маусымы басталғалы өрттен 41 адам қаза болды
Енді баспанасы жоқ кез келген адам үй кезегіне тұра алады
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
Атырауда әнұранды сыйламаған әскери қызметкер жазаланды
Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адам тоғыз күннен бері табылмай жатыр
Қостанай облысында жойқын жарылыстың алды алынды
Астанада интернет-алаяқтар тұрғындарды 3 млрд теңгеге алдап кеткен
Шымкентте пәтерден зейнеткердің денесі табылды
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Қабырғаға жапсырылған банан 6,2 млн долларға сатылды
СҚО-да Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының экс-орынбасары ұсталды
Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық артып келеді
Дұрыс жүргізілмеген техникалық байқаудың салдарынан көлік иесі адам өліміне себепкер болды
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша ағаштарын қорғау шаралары күшейтілмек
Дәрігерлер қатерлі ісік пен ұйқысыздықтан қорғайтын сусынды атады
Ақтауда екі көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті
Астана аспанында Қазақстан Қарулы күштерінің истребительдері ұшады
Ақтауда екі көлік бетпе-бет соқтығысқан
Павлодар облысында асырап алған қызын зорлаған күдікті өзіне қол жұмсады
«Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті