Түркістан облысының полицейлері жүргізушіден 20 келіден астам есірткі тәркіледі. Күдікті Түлкібас ауданы арқылы өтетін "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" автожолында ұсталды. Жедел уәкілдер тінту жүргізу кезінде «Субару» маркалы автокөлігінің жүксалғышынан есірткіге ұқсас зат тапқан. Онда 4 қап пен өсімдік тектес темекі қорабы болған. Белгілі болғандай,оның жалпы салмағы 20 келіден асатын "кептірілген марихуана" есірткісі екені расталды.Ал күдікті жүргізуші бұрын сотталған Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты.