Түркістан облысының шалғай ауылдарындағы емханалар медициналық аппараттармен толықты

Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданы тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындардың өтінішіне сәйкес, медициналық зертхана жұмысын халыққа қолжетімді ету жөнінде тапсырмалар берген болатын. Бұл мәселе шұғыл назарға алынып, Келес аудандық «Абай» ауруханасының зертхана бөліміне және ауылдық аймақта орналасқан емдеу мекемелеріне соңғы үлгідегі аппараттар алынды.  Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, ауылдарды емдеу мекемелерімен және медициналық құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.  Атап айтсақ, «Ақтөбе» ауылдық округінде 12 мыңнан аса халыққа медициналық қызмет көрсетіп отырған «Ақтөбе» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына соңғы үлгідегі 2 дана автоматтандырылған анализатор қойылды. Бұл құрылғылар жақын маңда орналасқан «Бозсу», «Қаратөбе», «Көкбұлақ», «Аманат», «Жүзімдік» дәрігерлік амбулаторияларында елге қызмет көрсетеді. «Қошқар ата» ауылдық округіне қарасты Қошқар ата дәрігерлік емханасына автоматтандырылған және соңғы үлгідегі анализатор қойылды. Келес аудандық «Абай» ауруханасында орналасқан орталықтандырылған зертхана бөліміне соңғы үлгідегі гематологиялық, биохимиялық автомоттандырылған анализатор және автоматтандырылған коагулометр алынды. Қазіргі таңда орталықтандырылған Абай зертханасында осы аппараттар арқылы ауыл халқының денсаулығы тексеріліп жатыр.   

Читать источник turkistan.tv
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды