Азия ойындары мәресіне жетіп, Түркістан облысының спортшылары елге олжалы оралды. Жапонияда өткен дүбірлі дода қорытындысында Қазақстан құрамасы 84 медальмен жалпыкомандалық есепте сегізінші орыннан көрінген. Көк байрақты үздік ондықтың қатарынан көрсетіп, ел мерейін үстем еткен спортшыларды жерлестері зор қуанышпен қарсы алды. Думанды әуен, шаттыққа толы би, әдемі гүл шоқтары. Туған жерге жүлдемен оралған спортшыларды ел-жұрты […]