Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай АПБ-на банк қызметкерлерінің бірінен өтініш-хат келіп түсті. Хатта өткен жылдың маусым айынан қыркүйекке дейін белгісіз тұлғалар банкке 8 миллион теңгеден астам мөлшерде залал келтіргені көрсетілді. Бұл бойынша алаяқтар интернет-банкинг арқылы жоқ тауарларды сататын бірнеше онлайн-дүкен ашқан. Артынша сол дүкендерден ірі сомаға сауда жасап отырған. Жеке кәсіпкердің шотына ақша түскен сәтте […]