Түркістан өңірінде кәсіпкерлікті дамыту жолдары талқыланды

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов және «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровпен кездесті. Кездесуде өңірде кәсіпкерлікті дамыту, қолдау көрсету және өзге де мәселелер талқыланды. Өңір басшысы кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарын ашу басым бағыт екеніне тоқталды.  – Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті өркендету жолдарын қарастырып жатырмыз. Индустриалды аймақтардың инфрақұрылым мәселесі де зерделенуде. Өңірде ірі зауыттар аз. Инвесторлар тарту бойынша жұмыстар қолға алынды. Қазір жастарды еңбекке тарту, оларды ынталандыру бағытындағы жобаларды күшейткен жөн. Бұл ретте «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жұмыс атқаруға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.  Рустам Жүрсінов барлық өңірді аралап келе жатқанын айта келе Түркістанда шағын кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік мол екенін атап өтті.  – Түркістан өңірінің басты байлығы – адами капитал. Жұмыс күші жеткілікті. Қиындықтар бар екенін де білеміз. Бүгін кәсіпкерлермен кездесіп, олардың мәселелерін, өтініштерін тыңдадық. Өңірдегі кәсіпкерлік палаталары әкімдіктермен бірге кәсіпкерлікті дамыту жұмысына атсалысады. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, – деді Рустам Жүрсінов. Бүгінгі таңда облыста 170 мыңнан астам мың шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеп тұр. Биыл олардың саны 26,5 мыңға артты. Тұрғындарды кәсіпкерлікке баулу, несиелендіру жұмыстары жалғасып жатыр.   

Читать источник turkistan.tv
Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапында қатарынан үш гол соқты
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
Қазақстан біріншілігі финалына шыққан барлық боксшы анықталды
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды