«Самара – Шымкент» тасжолының «Қызылорда – Шымкент» ақылы учаскесінде «Түркістан-Шымкент» бағытындағы жолда цемент плитаның көтеріліп кеткендігі туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Жағдай Төрткөл кенті аумағында орын алған. Жол ортасындағы үлкен плиталар ажырап, көліктердің жүруіне кедергі тудырды. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева қазіргі таңда «ШымкентЖолҚұрылыс» ЖШС мердігер ұйымы жолды қалпына келтіру жұмыстарын […]