Түркістан қаласында Сарыағаш ауданының мәдениет күндері өтті. Шаһардағы Керуен сарай туристік кешенінде ұйымдастырылған «Түркістан – текті төріміз» атты концертте «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблі мен вокалды аспаптар ансамблінің өнерпаздары өнер көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты. 29 шілде мен 31 шілде аралығында Ер Түріктің бесігі саналған Киелі Түркістан төрінде Сарыағаш ауданының мәдениет күндері өтті. Салтанатты шараның алғашқы күнінен-ақ […]