Түркістан қаласында «Түркістан: туризм, инвестиция, экономика» халықаралық форумы өткелі жатыр. «Конгресс холл» кешенінде өтетін ауқымды жиынға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей елдерінің беделді саясаткерлері, ықпалды кәсіпкерлері, сала көшбасшылары мен сарапшылары, инноваторлары арнайы келіп қатысады деп жоспарланған. Маңызды жиыннан біздің тілшілеріміз тікелей эфирге шыққалы тұр.