Түркістан қаласында жасөспірім бала тереңдігі 4 метрге жететін дәретхана шұңқырына құлап кеткен. Оқиға облыс орталығындағы үйлердің бірінің ауласында болған. Бұл туралы 112 пультіне хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар 16 жасар баланы арқанның көмегімен алып шықты. Облыстық ТЖД мәліметінше, жасөспірім медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.