(Көрнекі фото/zabrab75.ru) Түркістан облысында «Газель» өртенді. Көлік ішінде жүргізуші мен 16 оқушы болған. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан. Оқиға «Шымкент-Самара» автожолында орын алған. Төтеншеліктердің мәліметінше, көлік толығымен өртенген. Жолаушылар мен жүргізуші көліктен шығып үлгеріпті. Өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталуда.