Түркістанда 13 түрлі қауіпті мал ауруына қарсы залалсыздандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Қазір Қырым қанды қызбасына қарсы 39 млн. шаршы метр қора жайларға дәрі себілді. Сонымен қатар, екпе салу шарасы қолға алынған. «Ауру көбейсе, мал еті экспортқа шықпай қалады. Сондықтан жауапкершілікті арттырып, бақылауды қатаңдату керек». Облыстағы ветеринария саласындағы жұмыстар сарапқа салынған мәжілісте облыс басшысы осылай деді. […]