Түркістан облысында 58 мектептің лицензиясы уақытша тоқтатылып, оларға 9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегілер мемлекеттік 58 мектептің біліктілік талаптарға сәйкестігіне жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша лицензиялау нормалары бұзылғандығын анықтаған. Атап айтқанда, 400-ден астам педагог біліктілігін арттырмаған, жұмыс оқу жоспары сәйкес емес, медициналық кабинеттер лицензияланбаған, асхана санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз қызмет атқарған. […]