Түркістанда Аналар мерекесі қарсаңында әдеби-романтикалық «Поэзия түні» өтеді. Кеш ұйымдастырушылары – «Тармақтар» жобасының авторы Рысгүл Досжанова мен ақын Еламан Төлеутай. Облыс әкімдігінің қолдауымен өткелі жатқан рухани кеш барысында әлеуметтік желідегі жобаның жалғасы болған «Тармақтар» кітабының таныстырылымы болады. Әдебиетсүйер қауымның жадында болар, «Тармақтар» жобасы – 2021 жылы Instagram әлеуметтік желісінде қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын насихаттайтын парақша болып […]