Түркістан облысында елдімекендерді абаттандыру жұмысы мен санитарлық тазалығы пысықталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, бұл мәселе бойынша аудан, қалаларда анықталған кемшіліктер жойылуы тиіс. Ол үшін атқарылатын жұмыстың жобасы әзірленіп, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісіліп, бекіту қажет болатын. Алайда бүгінгі таңда Түркістан қаласы мен Жетісай, Мақтаарал, Ордабасы, Келес, Сарыағаш, Қазығұрт аудандары облыстық сәулет […]