Түркістанда көше бойында анасынан адасып қалған бүлдіршінге қамқорлық көрсеткен полицейге жұрт риза болды. Тәртіп сақшысы кішкентай қыздың адасып қалғанын кездейсоқ байқап қалыпты. Әлеуметтік желіде погонды қызметкердің бүлдіршінді жетектеп бара жатқан сәтінің видеосы тарады. «Жарайсың! Анасынан жоғалған қызға балмұздақ әперіп, көңілін көтерді» деп жазды автор. Видеоны көрген желі қолданушылары полиция қызметкерінің мейірімділік танытып, дер кезінде шұғыл […]