Түркістанда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған түркітанушылардың Халықаралық конгресі өтті

2022 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық түркітанушылар конгресі өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды оқыды. Мемлекет Басшысының құттықтауында «Ұлт ұстазы атанған Ахаң түбі бір, тарихы тамырлас елдер үшін аса құнды ғылыми-танымдық мұра қалдырды. Сол себепті оны барша түркі жұрты құрмет тұтады. Әзірбайжан, башқұрт, өзбек түрік халықтарының белгілі ғалымдары бас қосқан бүгінгі конгресс соның айқын дәлелі», – делінген. Конгресте ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Рамос Габриеланың Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған құттықтау сөзі бейнежазба арқылы берілді. Сонымен бірге ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Билял Чакыджы құттықтау сөзін оқыды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында атқарылған маңызды іс-шаралар жөнінде баяндама жасады. Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей ғалымдары қатысып, мазмұнды баяндамалар жасап, тұлғаның болмысын ашты.  Конгресс аясында Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық жинағының, Ахмет Байтұрсынұлының таңдамалы шығармаларының 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) әзірленген кітабының, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» 3 томдығының, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадықовтың «Серт», «Ұстаз жолы» кітаптарының тұсаукесері өтті. Жиында Қазақстан, Түркия, Өзбекстан ғалымдары ТҮРКСОЙ-дың «Ахмет Байтұрсынұлы» медалімен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы» ведомстволық төсбелгісімен марапатталды. Пленарлық отырыс секция отырыстарымен жалғасты. «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі тілдерінің теориясы мен тарихы» секциясына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы жетекшілік етті. «Ахмет Байтұрсынұлы және сөз өнері» секциясына «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры, филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы басшылық жасады. Ал «Ахмет Байтұрсынұлы және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар» секциясына Қазақстан Республикасы Білім академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов жетекшілік етіп, маңызды баяндамалар жасалды.  Конгресс қорытындысы бойынша қарар қабылданды.    

Читать источник turkistan.tv
Желіде Астанадағы сауда орталығында сәбиді құтқару сәті видеоға түсіп қалды
Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқандар ұсталды
Түркияның оңтүстігінде жер сілкінісі болды
 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған екі шетелдік ұсталды
Әскери дайындық оқытушылары әскери бөлімде оқудан өтті
Салалық кеңестердің құрамы бекітілді
Бірнеше көлікке ұрлыққа түскен қарағандылық ұсталды
Көлік жүргізушілеріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Әлем таныған Әбдіжәміл: жазушының еш жерде жарияланбаған фотосуреттері кітапқа енді
5 жылға дейін сотталуы мүмкін: актер Жерар Депардьеге қатысты сот басталды
Алматының тәртіп сақшылары 9000-ға жуық наркограффитидің көзін жойды
Бензин шашып, өртеп жіберген: Атырауда итті қинап өлтіргендер сотталды
Елдің батысындағы үш өңірге қосымша автогаз жөнелтілді
Зауыт қабылдамайды: Жамбылдағы қант қызылшасын еккен дихандардың мәселесі қашан шеліледі
Мектептегі оқушылардың 70-80 пайызы дұрыс көрмейді - офтальмолог
Түркістанда 15 жыл бойы іздеуде жүрген екі шетелдік ұсталды
Қызылордада оқушыны кеудесінен ұрып өлтіріп алған бала сотталды
«Астана-Семей» бағытында қатынайтын вагондар жаңартылды
Саран қаласын үш аптадай жылусыз қалдырған: жауапты шенеуніктер сөгіспен ғана құтылды
Алматы көшелерінде "Есірткі сату жұмысын" парақ таратып жарнамалаған
Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқандар ұсталды
Каспий жағалауынан итбалықтардың өлексесі табылды
Қазақстан eGov жүйесін Моңғолияға экспорттайды
Каспий жағасында 150-ден астам итбалықтың өлексесі табылды