Түркістан облысында алғашқы қар жауды. Қазгидрометтің мәліметі бойынша таңертең және түстен кейін Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын мен тұман күтіледі. Ал облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көктайғақ болады деп болжауда. Айта кетерлігі, бүгін еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктар ауа-райының бұлай құбылуына Атлантикалық циклон әсер етуде дейді.