Түркістанда «Бал таңдай» өнер фестивалі аясындағы жас термешілер байқауы өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының концерт залында облыстық «Бабадан қалған – асыл сөз» жас термешілер байқауы өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы биылғы «Балалар жылына» орай Түркістан қаласында жыл басынан бері «Бал таңдай» облыстық балалар өнер фестивалін ұйымдастырып келеді. Жыр додасын Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров ашып беріп, шараның маңыздылығына тоқтады. Терме өнерін дамыту керектігін алға тартып, осындай сайыстарды ұйымдастыру арқылы жас талант иелері анықталатынын жеткізді. Сондай-ақ қатысушыларға сәттілік тіледі. «Бабадан қалған – асыл сөз» облыстық жас термешілер байқауына 8-16 жас аралығындағы 14 үміткер қатысып, өнер көрсетті. Мұнда қатысушылар ереже бойынша екі шығарма, яғни оңтүстіктің мақымынан бір терме және еркін тақырыпта бір терме орындады. Байқаудың әділ қазылар құрамында Абылай Бөріханов, Руслан Ақынбеков, Мұрат Жұманов бар. Әділ қазылар шешімімен бас жүлде Түркістан қаласының өнерпазы Бердалы Орынбасарға бұйырды. Ал Отырар ауданынан Жолдыбай Ерзат І орын иегері, Сайрам ауданынан Нышанбай Сұлтанмұхамед пен Төлеби ауданынан Мұрат Нұрғиса ІІ орын иегері, Арыс қаласынан Абдрахман Арман мен Түркістан қаласынан Оспан Инабат ІІІ орын иегері атанса, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының арнайы жүлдесі Түркістан қаласынан Арабдин Әселге, Майлықожа Сұлтанқожа атындағы арнайы жүлде Түркістан қаласынан Мералы Асылзатқа бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы статуэтка мен диплом және қаржылай сыйлық табыстады. Ал жалпы байқауға қатысқан 14 қатысушыға жақында ғана Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Түркістан мақамдары негізінде жарық көрген «Текті сөздің төресі» термелер жинағы мен дипломдар берілді. Айта кетейік, өнер байқауының мақсаты – қазақ өнерінің жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау, балалар арасындағы терме өнерін дамыту, жас дарынды термешілерді анықтап, оларға қолдау көрсету, сонымен қатар, оңтүстік өңірде қалыптасқан өзіндік дәстүрлі өнер мектебін көпшілікке насихаттау.  

Читать источник turkistan.tv
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Қазақстан біріншілігі финалына шыққан барлық боксшы анықталды
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды