Бүгін Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында artsport мәселесі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті, деп хабарлайды аймақтағы BAQ.KZ. Кеңесте облыстағы мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер өз пікірлерімен бөлісіп, жинақталған мәселелерді талқыға салды. Дене шынықтыру және спорт басқармасының деректері бойынша, аймақта Ел Президентінің тапсырмасы бойынша балаларды тегін шығармашылық үйірмелермен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде өткен жылдың бірінші мамырынан бастап шығармашылық үйірмелердің жан басына қаржыландыру тетігі енгізілді. Артынша artsport.edu.kz платформасы іске қосылған болатын.
Өмір






























