Түркістанда «Психикалық денсаулық. Заманымыздың жаңа сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Үш күнге жалғасатын жиында психикалық денсаулық, оны сақтау және қалпына келтіру, тәуелділік, психологиялық көмек және басқа да мәселелер талқыланады. Халықаралық іс-шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігі, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, Дүниежүзілік психиатрлар қауымдастығы, Әзірбайжан, Беларусь, Түркия, елдерінің психикалық денсаулық қызметінің өкілдері […]