Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыттың іргетасын қаланды. Онда құрылыс заттары, ауыр көлік бөлшектері шығарылады. Өңірде бой көтеретін жобаның ашылуына облыс басшысы арнайы барып, капсуласын қойды. «Өндіріс орындарын ашу, жұмыс орындарын көбейту – негізгі бағытымыз. Түркістан облысында осы салаға назар аударылып, тиісті жұмыс жүруде. Инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, маңызды келісімдер жасалып жатыр. Бүгін іргетасы қаланған […]