Түркістанда жылыту маусымы басталды

Түркістанда жылыту маусымы басталды. Бүгін қаладағы жалпы 53 қазандықтың 20-ға жуығы іске қосылды. Енді алдағы уақытта ауа температурасы төмендеген сайын жылу тарататын қазандықтар саны да артпақ. Алайда жақын арада тариф мөлшері қымбаттамақ. Оған не себеп? Айдана Дүйсенбаева анықтап көрді.  Түркістанда жылыту маусымы 1 қарашадан 1 сәуірге дейін, яғни 149 күнді қамтиды. Бірақ биыл күннің ерте суытуына байланысты жылу қазандықтары өз жұмысын бастап кетті. Ал қала тұрғындары жылуды көп күтттік, бүгінгі күннің басты жағымды жаңалығы осы болды дейді. Қазір қалада 10 жылу қазандығы бар. Биыл оның 4-еуі жаңадан пайдалануға берілген. Сол арқылы  қаладағы 155 көпқабатты тұрғын үй мен 53 коммерциялық нысан, 28 бюджеттік мекемеге жылу тарайды. Барлығы биыл шілде айында жөндеуден өтіп, шаю-қысымдау жұмыстары жүргізілген.  Әзірге жылу бағасы ақпан айында белгіленген баға бойынша есептелінеді. Яғни 1 шаршы метрге 92 теңге 46 тиын. Дегенмен, жақын арада тариф мөлшері тағы қымбаттамақ. Себебі, мекеме басшысы қазандықтарға жылу беретін көгілдір отын бағасы көтерілгенін айтады.  Тұрғындардың былтырғы жылдан қалған берешегін қайтару үшін әлі де жұмыстар жүргізілуде. бүгінде оның 90 пайызы өтелген. айта кетейік, былтыр қалада ауа райының күрт салқындауына байланысты 22-қазанда толық жылыту қазандықтары іске қосылған болатын.

Читать источник turkistan.tv
Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте үздік бестікке енді
Өзбекстан құрамасынан келген боксшының финал үшін айқасы драмаға айналды
INDIGO ақпараттық жүйесіндегі кезекті жаңарту қашан жүргізіледі?
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды