Түркістанда Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған «Азия кубогы» додасы басталды

Түркістанда қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған «Азия кубогы» Халықаралық турнирі өтуде. Дәстүрлі жарыста Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірлерінен келген 300-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр.  Азия кубогында сайдың тасындай іріктелеген білекті де жүректі балуандарға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов сәттілік тілеп, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын оқып берді.  – Қазақ күресі – ұлттық спорт түрлерінің ішінде өзіндік орны бар ерекше спорттың түрі. Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан аса елінде ұлттық күресімізден федерациялар құрылып, жұмыс атқаруда. Қазақ күресінен Әлем, Азия, Африка және Еуропа чемпионаттары өткізіліп, дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. Кейінгі он жыл көлемінде өтіп жатқан «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы» және «Әлем барысы» додалары да бүгінде көрермен көзайымына айналып отыр. Біз ұлттық спортымызға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз! – делінген құттықтау хатында.  2 күн бойы жалғасатын балуандар белдесуінде 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежесіндегі үздіктер анықталатын болады. Жарыстың бас төрешісі Ерлан Иманғалиевтің айтуынша, жеңімпаздарға қаржылай сый-сипат ұсынылып, түйе балуанға автокөліктің кілті табысталмақ.  Айта кетейік, жуырда Түркістан қаласында қазақ күресінен «Тұран барысы» Азия кубогы ұйымдастырылып, жарыс нәтижесінде Қазақстан құрама командасы жеңімпаз атанған болатын. Жалпы Түркістан облысында 4 облыстық, 28 аудандық және қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресі бөлімдері бар. Онда 148 жаттықтырушы 3600-ден аса балаға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізеді.  

Читать источник turkistan.tv
Электрсамокат мінген балалар: Қазақстанда 130 ата-ана жазаланды
Жастардың лудоманияға қарсылығын қалыптастыру бағытында кездесу өтті
Италиялық спортшы Astana Qazaqstan Team велокомандасына қосылды
Әуежай мен вокзалда электронды құжат жарай ма: бұйрық жобасы жарияланды
Жаңбырлы күні жол жөнделіп жатыр ма? Ақтөбеде мердігер жобаны келесі жылға қалдыратын болды
«Зауыт-фабрика жоқ деп апта сайын тойға барасыздар»: журналист қоғамдағы үрдістің кемшілігін айтты
Қазақстан әуежайларында электрон құжаттарға қатысты жаңа ережелер белгіленді
Итті тірідей өртеп, өлтіргендер сотталды
Алматылық дәрігерлер науқасты миокард инфарктісінен аман алып қалды
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Патронаж медбикелерінің біліктіліктерін арттыратын оқу орталығы ашылды
Алматыда тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды
Олигархтардан алынған қаражатқа мұқтаж жандар үшін баспана салынбақ
Қазақстаннан Қытайға автобуспен: қандай бағыттар бар?
Сайрам ауданында үшем дүниеге келді
Дүкеннен ет ұрлаған ер адам анықталды
Жәркен Бөдешұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған екі шетелдік ұсталды
Әскери дайындық оқытушылары әскери бөлімде оқудан өтті
Салалық кеңестердің құрамы бекітілді
Бірнеше көлікке ұрлыққа түскен қарағандылық ұсталды
Көлік жүргізушілеріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Әлем таныған Әбдіжәміл: жазушының еш жерде жарияланбаған фотосуреттері кітапқа енді
5 жылға дейін сотталуы мүмкін: актер Жерар Депардьеге қатысты сот басталды