Түркістанда Қазақ-Корей бірлескен білім ордасы ашылады. Жаңа оқу орны IT мамандығы бойынша студенттерді дайындайды. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік делегациямен кездесу барысында мәлімдеді. Бүгінде үлкен сұранысқа ие IT мамандары енді Түркістанда да дайындалатын болады. Ол үшін облыста Қазақ-Корей бірлескен білім ордасы ашылмақ. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы мақсатта шетелдік делегациямен кездесіп, келіссөздер жүргізді. […]