Түркістан қаласын халықаралық талапқа сай қолөнер орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар басталды. Оның алғышарты ретінде шаһарда «Қолөнершілер орталығы» салынып жатыр. Алдағы уақытта Түркістанның брендіне айналатын бұйымдар шығарылып, нарыққа енеді деп күтілуде. Түркістанда қолөнер шеберлерінің орталығы ашылмақ. Бұл туралы облыстық туризм басқармасының басшысы мәлімдеді. Сөзінше, бұл бастама қолөнершілерді бір алаңға шоғырландырып қана қоймай, киелі шаһарға туристерді тартпақ. […]