Түркістанда кретивті орталық ашылмақ. Бұл туралы өңір басшысының танымал продюссер Нұрлан Қоянбаевпен кездесуі барысында айтылды. Олар киноиндустрия саласында атқаруға болатын жаңа жобалар жайлы талқылады. «Түркістанды қазақ Голливудына айналдыруға мүмкіндік мол». Осылай деген белгілі продюссер Нұрлан Қоянбаев өңір басшысымен кездесіп, өз жобаларын ұсынды. Танымал тележүргізуші күнгейде киноиндустриялық алаң құру облыс экономикасының гүлденуіне де септігін тигізетінін айтады. […]