Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында күрделі ота жасау бойынша мастер-класс өтті. Жүрек жетіспеушілігі, ес жоғалтумен асқынған жүректің қарыншаүстілік тахикардиясы және радиожиілікті аблациялау отасы жүзеге асты. Мастер-класты аритмолог дәрігерлермен бірлесіп, Астана қаласындағы Президенттің Іс жүргізу басқармасы ауруханасының жетекші маманы Ринат Камиев өткізді. Шеберлік сағатына Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері қатысты.