Түркістан облысында туындаған мақта бағасына қатысты мәселені шешу мақсатында облыс әкімі Дархан Сатыбалды мақта зауыттарының басшыларымен және диқандармен кездесті. Басқосуға өңірдегі микроқаржы ұйымдарының басшылары да қатысты. Шаруалардың проблемасы қалай шешіледі? Мақта бағасы өзгере ме? Түркістан облысының басшысы Дархан Сатыбалды мақта бағасын шұғыл түрде белгілеу керектігін айтты. Бұған дейін талай рет шағымданған шаруалардың жанайқайын жеткізген өңір […]